МТРА жаңалықтары

Петропавлда неміс саяхатшысы Роберт Моор болды

Саяхатшының дорбасында, тіпті тамақ,та жоқ. Ол ас-суды жолдан сатып алып ішеді. 41 жастағы азамат сапар кезінде көп қиындық көргенін айтады.

Роберт Моор – саяхатшы:

– Бір ретте сөмке тұратын бөлікті сындырып алдым. Одан кейін, жүксалғыш та бұзылып қалды. Біраз, қиналдым. Дегенмен, маған жолда етікші көмектесіп, істен шыққан жерді жөндеп берді. Қызметіне ақша да алмады. Жиі батареяларды қуаттандыру қажет болады. Сондайда тоқ көзі табылмайтын сәттерді де бастан өткердім. Бір күнде велосипедпен 200 шақырым жол жүремін. Ел-жер көремін. Тіпті, шамалап испан тілін де үйреніп алдым.

Жалпы, Роберт Моор 4 жарым мың шықырымға жуық жолды еңсерген. Бұған 28 күн кеткен. Алда әлі де ұзақ қашықтық бар. Саяхатшы өзінің электрвелосипедімен әлемнің бірнеше мемлекетін араламақ. Осылайша ол Гиннес рекордын жаңартуды жоспарлап отыр.

Роберт Моор – саяхатшы:

– Сапарымның басты мақсаты – электрвелосипедпен әлемді аралап өту. Осы арқылы тұрғындарға бұл экологиялық таза көліктің пайдасын түсіндіргім келеді. Былтырғы күзде голандиялық жігіттер жер шарын мотоциклмен жүріп өткен болатын. Олар 23 мың шақырым жолды еңсерді. Ал, мен олардан озып, сәл көптеу қашықтықты бағындырсам деймін.

Жиһангез Петропавлдан М.Жұмабаев ауданы орталығы Булаев қаласына аттанды. Кейін, ол сол жақтан Ресейге өтіп, Моңғолия, Қытайға бармақ. Одан соң АҚШ, Испания, Францияны артқа тастап, сапарды 10-шы қыркүйек күні Мюнхен қаласында аяқтамақ.

 

Култанов Байболат