Қоғам

Петропавлда Ақжар ауданының мәдениет күндері бастау алды

Мұнда келушілер ҰОС ардагері, КСРО мен Қаз.ҚСР білім саласының озаты Қали Хадесов және атақты жерлесіміз, жазушы, мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов туралы мағлұматқа қанық болды. Бүгінде аудан мұрағатында бұл азаматтар жайлы бірнеше құжат бар. Қазір аудандық архивте 160 қор мен 40 мыңнан астам материал сақтаулы тұр.

Парилаш Жұмаділова – Ақжар аудандық архивінің архивисі:

– Смағұл Сәдуақасов атында бізде мектеп бар. Талшықта да бұл тұлғаның атымен мұражай аталған.

 

Айгерим Ержанова