Спорт

Петропавлда балалар мен жасөсіпірімдер клубтары арасында спартакиада бастау алды

Кирилл Садовский – “Спектр” құрамасының ойыншысы:

– Өкінішке қарай, қарсыластарымызға есе жіберіп алдық. Бірақ, келесі кездесулерде күшімізді жинап, жеңіске жетуге тырысамыз.

Жалпы шағын футболдан өткізілетін жарыс 3 күнге созылмақ. Онда 19 команданың ойыншылары өзара бақтарын сынайды. Сондай-ақ, спартакиада аясында балалар мен жасөспірімдер үстел теннисі, жеңіл атлетика, стритбол, шашки, бестас, шахмат, тоғыз құмалақ сынды ойындардан мықтыны анықтамақ.

Анастасия Мощенко – Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығының әдіскері:

– Әр жарыстың қорытындылары бойынша жеңімпаздарды диплом және сыйлықтармен марапаттаймыз. Осы сайыстың мақсаты – балаларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Айта кетсек, маусымның 29-ына дейін жалғасатын дәстүрлі жарысқа 650-ге жуық бала және жасөспірім қатысады деп күтілуде.

 

Тогжан Акмагамбетова