Аптадағы маңызды жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесінде 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өз жобаларын ұсынды

Ранджит Кришна – ғалым, Үндістан павильонының директоры:

– Мына жерде тұщы суды шығаратын құрылғы көрсетілген. Ол күн энергиясы арқылы жұмыс істейді. Оны 3 жыл бұрын ойлап таптық. Әзірге ол тек елімізде ғана жұмыс істейді. Келешекте оны біздер сияқты тұщы суы тапшы елдерге көрсету жосапарда бар.

Ал мына жерде Түркіменстаның павильоны ашылуда. Оған ел Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов қатысты.

Гурбангулы Бердымұхаммедов – Түркіменстан Президенті:

– Түркіменстаның көрмеге қатысуы еліміздің алдында үлкен мүмкіндіктерді ашып отыр. Осы шара арқылы көптеген елдермен байланыс орнатып, тың жобалармен бөлісуге болады. «Болашақ энергиясы» деп аталатын көрме тақырыбының өзі, оған қатысушы барлық мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Өйткені бұл проблема барлығына ортақ.

Жалпы ЭКСПО көремсі аясында 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өз павильондарын ашуда. Көрменің алғашқы күні қарамағына 8 елді біріктіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымы да бар сән салтанатымен келушілерге есігін айқара ашты.

Ал Израиль ЭКСПО көрмесіне инновациялық технологиялар саласындағы жетістіктері мен әзірлемелерін ұсынып отыр. Келушілерді павильонда «Жасампаздық энергиясы» атты қызықты шоу күтеді. Мұндағы анимация мен биші қыздың тақырыпқа сай өнері ешкімді бейжай қалдырмайтыны анық.

Осылай израильдықтар өздерінің басты ресурсы – адами энергияның қуатын көрсетпек.

Эльазар Коэн – Израиль павильонының комиссары:

– Израиль табиғи байлықтарға бай емес, алайда баға жетпес қорға, қуат көзіне ие. Ол, бірінші кезекте, адами ресурс. Оған Израиль инвестицияларын аямайды. Біздің барлық жетістіктеріміз Израиль адамдарының, олардың жасампаздық креативті дағдыларының арқасында мүмкін болды. Біз Израильдің болашағын жасампаздық қуатымен байланыстырамыз және осы саладағы өзіміздің дағдыларымыз бен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

Маңызды шара жаңа технологиялардың ғана емес, алуан түрлі өркениеттердің де тоғысқан орталығына айналды. Сан түрлі мемлекеттен жиналған түрлі ұлт өкілдері ЭКСПО алаңында өздеріне бейтаныс мәдениетпен танысу мүмкіндігіне ие болды.

«Жүз рет естігенше, бір рет көр» деген нақыл бекер айталмаса керек. Сарыарқа төріндегі әсем қалада өтіп жатқан айтулы шараға төрткүл дүниенің әр шалғайынан қонақтар келіп жатыр. ЭКСПО қалашығының бір шетінен екінші шетіне қарасаң, көркіне көз тоймайды. Әр елдің павильондары мен мұндалап алыстан көрініп, өзіне келушілерін шақырып тұрған сыңайлы. Бір павильоннан екіншісіне ағылған жұрт ерекше дизайнда жасалған сәнді нәрселерді, жобаларды көруге асық.

Сәттібай Аманжолов – қонақ, Жамбыл облысы:

– Бәрі ұнап жатыр. Шарға кірдік. Енді өзгелерді көрейік деп келе жатырмыз.

Қарлығаш Медитярова – қонақ, Қызылорда облысы:

– Бір жағына елімізді көрсетіп, екінші жағына елдермен танысып жатырмыз. Жақсы әсер алып жатырмыз. Байқоңырдан келдік. Билеттерді қаңтар айында алып қойғанбыз.

Аюпхан Расмағанбетова – қонақ, Ақтау облысы:

– Павильондар ұнады. Египеттен бастадық. Содан өзге елдерге кіріп жүрміз. Шоуларын көріп жүрміз.

Мұнда келушілердің қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасалған. Жалпы ЭКСПО көрмесі өтетін үш айда қалашықта 4500 ерікті жұмыс істейтін болады. Олар көрмені тамашалауға келгендерге жол нұсқап, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді.

Мағжан Ахмадина – тілші:

– Экспо көрмесі аясында 3 мыңна астам мәдени шара өтеді деп жоспарланған. Ол хореографиялық шоулар, әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері мен көрмелер. Айта кету керек, Астана тұрғындары мен қонақтарын теріскейлік өнерпаздар да өнерімен тәнті етпек. Солтүстік Қазақстанның мәдени күндері мұнда тамыздың аяғында ұйымдастырылмақ.

Жалпы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін 3 айда 5 млн-на астам адам тамашалайды деп жоспарланып отыр. Ал маңызды шараны өткізуге 400 млрд теңге қаржы жұмсалыпты.

Магжан Ахмадина