Әр түрлі

Петропавлда иттер көрмесі өтті

Кристина Ларина – Қорған қаласы, РФ:

 

– “Ева” – өте салмақты. Аса еркелей қоймайды. Жанындағыларға еш қауіп төндірмейді. Жуырда итім 2 жарымға толмақ. Суға түскенді жаны сүйеді. Етті жақсы көреді. Бұған дейін біз бірнеше көрмеге қатыстық. Қазақстан мен Ресейде өткізілген сайыстарда итім жеңімпаз атанды.

Жиналғандарды көп күттірмей көрме де басталды. Шара 11 аталымда өтпек. Ереже бойынша иттер жас ерекшеліктеріне байланысты ортаға шығулары тиіс. Алдымен халық назарына 3-пен 6 айлық аралығындағы “Бебик”, яғни күшіктер ұсынылды. Бұлардан кейін үлкен жастағылар көрермендерге көрсетілді. Төрт аяқтылардың қарым-қабілетін сарапшы – Ольга Пуха байқайды. 30 жылдық тәжірбиесі бар өскемендік маман үй жануарларының жүрісін, тұрған тұрысын сынамақ.

Ольга Пуха – “Есіл жұлдыздары” атты иттер көрмесінің сарапшысы, Өскемен қаласы:

– Иттерді бастан-аяқ бақылаудан өткіземін. Олардың барлығының дене мүшелері жастарына сай болулары тиіс. Тіпті, жүндері де қаз-қалпында сақталуы міндетті. Тазалықтарын қараймын. Және үй жануарларының иесімен арасындағы байланысы да сыналады.

Мына – “Лайт Ледис Бен Афлек” атты төрт аяқты “Компаньон иттер” аталымында топ жарды. Ресейдің Түмен қаласынан келген 2 жастағы үй жануарының күтімі ерекше. Оны иесі Елена Романович жиі тарайды. Өзінің жатар орны да бар екен.

Елена Романович – Түмен қаласы, РФ:

– Итімді күшік күнінде Санк-Петербург қаласынан сатып алғанмын. Оның тұқымы “мальтиялық болон”. Адамға өте жақын. Үнемі қасымда алып жүремін. Итімді үйде “Бестик” деп атаймын. Көрмеде жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

Ал, “Есіл жұлдыздары” атты көрмесінің ең үздік иті “Ямал Хантэй” атанды. 2 жастағы қарағандылық үй жануары “аляскалық маламут” тұқымына жатады. Шарада барлық жүлдегерлер диплом және кубоктармен марапатталды.

 

Култанов Байболат