МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдікте аппараттық кеңес өтті

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

– Тұрғындармен жұмыс дұрыс жүргізілмесе, шағымдар көбейеді. Есеп беру кездесулерінде қарастырылған сұрақтардың бәрін қарастырыңдар. Сайтағы мәліметтер жаңартылып тұрсын. Біз халыққа ұдайы есеп беріп отыруымыз керек.

Облыс әкім есептік кездесуде халықтан түсен өтініштердің бірде-бірі қараусыз қалмасын деді. Жиі қозғалатын мәселелер жоспарға енгізіліп, оны шешу үшін бюджеттен қаражат бөлінеді. Биыл облыс қазынасы толықпай жатыр. Өңірімізде межелі тапсырманың тек 33 пайызы орындалыпты. Бұл көрсеткішпен біз республика бойынша көш соңындамыз. Кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың қарызы көп.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Кейбір кәсіпорын басшылары жұмысшыларына жалақы төлемейді, жалға алған жерін дұрыс пайдаланбайды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекетке пайдасы жоқ. Ондайлармен ат құйрығын кесісіп, жалға берген жерді мемлекетке қайтару керек.

Прокурорлардың айтуынша, жыл басынан тұрғындар және кәсіпорындарға 54 мың айыппұл салынған. Жарты млрд теңгеге жуық қаражат мемлекет қазынасына түспеген.

Марат Ахметов – ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы:

– Уәкілетті органдар әрекетсіз отыр. Біздің басқармаға берген мәліметтері бір-бірімен сәйкес келмейді.

Құмар Ақсақалов уәкілетті органдардан кеткен қателіктерді түзетіп, айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі шараларды ширатуды тапсырды.

Берік Қасен