МТРА жаңалықтары

Сот қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күрес жайын талқылады

Шетелдік сарапшылардың сөзінше Тәуелсіздік жылдары елімізде бармақ басты көз қыстылықпен күресетін тиімді жүйе қалыптасқан. Ол халықаралық талаптарға сай. Бүгінде республикада сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен бірге жою бағытында істер атқарылуда. Бұндай тапсырманы Елбасы “Қазақстан – 2050” стратегиясында көрсеткен. Оған қоғам өкілдері де белсенді қатысулары керек.

Наталья Баранова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ кафедра меңгерушісі:

– Қазақстан-2050″ стратегиясын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған маңызды құжат қабылданды. Ол 2015-2020-шы жылдарға арналған. Оның тиімді жұмыс істеуіне соттың тәуелсіздігі мен әділеттілігі, мемлекеттік органдарды қадағалау, заңдардың түсінікті болуы, мемлекеттік үрдістердің мөлдірлігі мен жемқорлыққа төзбеушілігі арқау болады.

 

Риат Шони