Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлға кіреберіс жолдағы көпірдегі қозғалыс уақытша біржақты болады

– Маусымның 9-нан бастап мына көпірдегі қозғалыс біржақты болады. Яғни, мына жолмен көліктер тек қала сыртына шыға алады. Ал, шаһарға кіру Жұмысшы кентінің жолы арқылы жүзеге аспақ.

Құрылысшылар жүргізушілерге мұндай ыңғайсыздық тудыруға мәжбүр. Өйткені, олар ең алдымен қауіпсіздікті басты назарда ұстайды. Осыдан бір апта бұрын көпір астында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бір машина мен оның жүргізушісі топырақ астында қала жаздаған. Себебі, үстіңгі жақтағы қозғалыс жолдың үгілуіне әсер етуде. Күніне дәл осы маңНан 15 мыңнан астам темір тұлпар өтеді екен.

Қайырбай Садвокасов – «ҚазАвтоЖол ҰК» СҚОФ директорының орынбасары:

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қазір республикалық маңызға ие жолдың 8-ші шақырымы жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа 1258 млн теңге қарастырылған. Оның 900 млн-ы биылғы жылға бөлінген. Жобаға Петропавлдағы көпір де кіріп отыр. Қазір ол жерде шаруа қызу жүруде. Жұмысшылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін біз көпірді уақытша жабуға мәжбүрміз.

Бүгінде жұмыстың біразы тындырылған. Бастысы, көпірді ұстап тұратын бағандар орнатылды. Енді құрылысшылар оларды 3-4 күнде бір-біріне қосып, бекітеді. Ал, айдың соңында нысанның тіреулері қойылмақ. Жалпы қазір мұнда 75 адам еңбек етуде.

Анатолий Радионов – «Рязанов атындағы №25 көпірқұрылысы отряды» ЖШС жоба жетекшісі:

– Қазір құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс жасауда. Күн сайын біз қауіпсіздік ережелері жазылған құжатқа қол қоямыз. Өйткені, біз қауіпті аумақта, яғни, темір жол маңында жүреміз.

Шілденің 15-нен бастап көпірдегі қозғалыс мүлдем тоқтатылады. Осылайша жүргізушілер қалаға айналма жолмен, яғни Жұмысшы кенті арқылы ғана қатынай алады. Мұндай ыңғайсыздық облыс орталығында екі айға созылмақ.

 

Айгерім Ержанова