Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық реттеушілер жолда жүру ережелерін пысықтады

Дмитрий Фионин – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны штабының бастығы:

– Мұндай сабақтар реттеушінің сапалы және дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет. Егер де бағдаршам бұзылып немесе жолда кептеліс көбейсе онда олар еш қиындықсыз барлығын ретке келтіре алады. Осылайша, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жағдайын жасайды.

Теориядан практикаға. Жас сержанттарға арналған шеберлік сағатын былтырғы жылдың үздік қызметкері өткізуде. Тәртіп сақшысы жол қозғалысын реттеудің негізгі ережелерін түсіндіріп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын да әңгімеледі.

Дмитрий Фионин – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны штабының бастығы:

– Мұндай сабақтарды біз тек реттеушілерге ғана өткізбейміз. Оқушылар үшін де ұйымдастырып тұрамыз. Өйткені, олар да жолда жүрудің ережелерін білулері қажет. Әсіресе, реттеушінің іс-әрекеттері мен қимылдарын білу маңызды.

Еске сала кетейік, егер реттеуші қолын жоғары қарай көтерсе, бұл жүруге дайындалу керектігін ескертеді. Ал егер ол бүйірімен бұрылып тұрса, онда жүруге болады деген сөз. Бұл уақытта реттеушінің екі иығы да сізге көрініп тұруы керек. Егер бағдаршам жұмыс істеп, жолда реттеуші де тұрса, онда тәртіп сақшысының қимылын басшылыққа алу қажет.

Айгерим Ержанова