Спорт

Республикалық “Мен чемпион” жобасының финалдық кезеңіндегі үздіктер біртіндеп анықталуда.

Олар: қарағандылық “Арыстан”, алматылық “Торнадо”, елордалық “Форсаж” және петропавлдық “Жолбарыс” командалары. Бүгін қаламызда доданың 2-ші ойын күні өтуде. 8 өңірдің өрендері күш сынаспақ. Жеңіске жеткендері жарысты әрі қарай жалғастыратын болады. Бізге жаңа ғана Қостанай облысының “Солнышко” ұжымы да ширек финалға жолдама алғандығы жайлы хабар түсті. Көршілес аймақтың ұл-қыздары оңтүстікқазақстандық “Қыран” командасын тізе бүктіріпті.

Култанов Байболат