МТРА жаңалықтары

Мамырдағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 1,7% өсті

Мамыр айында жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 824 теңгені құрап, ол көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Солтүстікқазақстандықтар қаражаттың көп бөлігін азық-түлік өнімдері мен азық-түліктік емес тауарларға жұмсайды. Шығыстар үлесінің 20% етке, 15% май өнімдеріне, 11%-ы жемістер мен көкөністерге кетеді.

Берік Қасен