Қоғам

Биыл Астана күніне орай қазақстандықтар 4 күн демалыс алады

Шілденің 1-і, сенбі жұмыс күні болып белгіленді. Ол күнгі демалыс шілденің 7-сіне ауыстырылды. Осылайша, сіздер сол айдың 6-сынан 9-ына дейінгі 4 күніңізді отбасыңызға немесе өз басыңызға қатысты жеке шаруаларыңызға арнай аласыздар. Естеріңізге сала кетсек, 1997 жылы еліміздің астанасы Алматыдан Астана қаласына көшірілген болатын. Биыл елордаға 19 жыл толады.

Берік Қасен