Спорт

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Айдос Кеңбейілов – СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры (00:05)

– 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Сондықтан, біздер экология департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп осындай велошеру ұйымдастырып жатырмыз. Акцияның мақсаты – жұртшылықтың назарын қоршаған ортаның жағдайына аударту.Тағы тұрғындарды автокөлікті тастап шайтанарбаға отыруға шақыру. Ол – экологиялық таза көлік. Оның үстіне денсаулыққа пайдалы.

Міне, шеру басталып та кетті. Ақырын, аяңдап шараға қатысушылар алғашқы шақырымдарды бағындыруда.

Осылай көтеріңкі көңіл күймен студенттерін жанына ерткен Евгений Тетюхин де шеруге қатысуда. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын ол – екі рет паралимпиада ойындарына қатысқан. Педогог экологияны да бірлесіп қорғау керек деген пікірде.

Евгений Тетюхин – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:

 

– Біз бүгін табиғатты қорғауға шығып отырмыз. Мен жиі осындай шараларға қатысып тұрамын. Сондықтан, адамдарға табиғат аясына шыққанда тазалықты сақтап, қоқысты тастамау керек деген кеңес айтамын.

Жалпы межеленген қашықтық – 5 шақырым болды. Оны оңай-ақ бағындырған шараға қатысушылар жақсы көңіл күймен тарқасты.

Магжан Ахмадина