МТРА жаңалықтары

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды

Мұнда мамандар жүргізушілерге темір тұлпарды басқару құқығын беретін куәлік әзірлейді, жаңа көліктерін тіркейді, оған мемлекеттік нөмір береді. Өзге мекемелердегі сияқты орталықта да кемшіліктер болып жатады. Кейде тұрғындардың қызмет көрсету сапасына көңілдері толмайды. Құқығы бұзылғандар алысқа бармай-ақ, осы жерде шағымдарын омбудсменге жеткізе алады. Ол үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды. Заңгерлер мұнда аптасына 7 күн келушілерге консультация беруге дайын.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

 

– Орталықта оң шешімін тапппаған мәселені тиісті органдарға жолдаймыз. Біз осы жобамыз арқылы жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды азайтуға мүдделіміз.

Берік Қасен