Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының арасында “Өз ісінің білгірі” анықталды

Мұрат Исмаилов – СҚО ІІД ЖПБ ЖППБ аға инспекторы:

– Осындай сайыстарда жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің даярлық деңгейін байқаймыз. Қате тұстары болса түзеп, кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік бар.

Сайыста тәртіп сақшысы Манат Смағұлов ерекше көзге түсті. Ол барлық сыннан сүрінбей өтіп, өз ісінің білгірі атанды.

Манат Смағұлов – СҚО ІІД ЖПБ ЖППБ қызметкері:

– Ішкі істер органдарында 2008-ші жылдан жұмыс істеймін. Жұмысымды дұрыс атқару үшін нормативтік-құқықтық актілерді оқып тұрамын. Физикалық даярлыққа көп көңіл бөлемін. Менің ойымша, полиция өкілі қиын жағдайда көмекке мұқтаж адамдардың жанынан табыла білуі керек.

Соңғы 10 жылда жол қозғалысына қатысты көп өзгерістер болды. Тәртіп сақшылары заңды өздері сақтап, оның орындалуын тұрғындардан да талап етуі қажет. Осындай байқаулар – қызметкерлердің өз ісіне деген жауапкершілігін еске салып тұрудың жақсы мүмкіндігі.


Берік Қасен