МТРА жаңалықтары

Петропавлда тасқын судан зардап шекендерге өтемақы төлеу басталды

Сәния Смаилова – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Өтемақы төлеуді 24 мамырда бастадық. Шығын қалалық бюджеттің есебінен өтеліп жатыр. Комиссия шығынды бағалаушылармен бірлесіп анықтады. Қаражат тұрғындарға дер кезінде қайтарылуда. Әзірге 120 отбасыға 40,8 миллион теңге берілді. Шығынды қайтару жұмысы жалғасатын болады.

 

Магжан Ахмадина