Құқық қорғау органдары

Петропавлда аялдаманы сындырған құқықбұзушылар ұсталды

Думан Мағзұмов – Петропавл қаласы ІІБ жедел уәкілі:

– Мир көшесінің бойында екі азамат құрықталды. Олар аялдаманы сындырып кеткен.

Қолға түскен бұзақылар 1995 және 96-шы жылы туғандар. Екеуі де солтүстікқазақстандық. Олар ішімдікке сылқыя тойып алыпты. Не себепті аяладаманы сындырғандарында жөнді айта алмады.

Ты знаешь сколько стоит стекло остановки?

– Пока еще не знаю.

– Мы пьяные были, может что-то нашло. В общем, разбили. Один раз ударили и все, стекло разбилось.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-ші бабы 1-і бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін мәліметтер жинақталуда. Егер кінәлары дәлелденсе онда бұзақылар 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

 

Риат Шони