Спорт

Солтүстікқазақстандық каратэшілер Европа чемпионатында жеңіске жетті

Жарыста қоржынға алтын медальды Денис Бухановский, Алишер Авдонин мен Сәния Мұқанова сынды жерлестеріміз салды. Аталған спортшылар сайыста 50, 55 және 60 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан болатын. Жерлестеріміз елге ертең оралады. Тағы, бұдан 1 апта бұрын басқа 7 каратэшіміз ашық Ресей біріншілігіне қатысқан еді. Олар Мәскеудегі бәсекеде де көк туымызды биікте желбіретті. Теріскейліктер 2 алтын және 1 күміс алқаны қанжығаларына байлады.

 

Култанов Байболат