Қоғам

Петропавлда төленбеген алимент 60 миллион теңгені құрады

Гүлнар Ағатаева, көкек ана:

– Жұмысым жоқ. Сондықтан төлей алмаймын. Мүлкім де жоқ. Мына пәтерді жалдып тұрамыз. Жетемдер үйіндегіден бөлек екі балам осында, қолымызда.

Көкек әке есігін қағып келген сот орындаушыларының жағасын ұстатты. Балаларға жетімдер үйіне бір барып, көк тиын да төлемеген азамат адвокат жалдап, ДНК сараптамасын жасатып, нәтижесін күтіп отыр екен. Балаларының өзінікі екеніне енді ғана күмәнданып отыр. Ауылдағы үйде үлесім бар деді. Сот орындаушылары мүлікті тәркілеу туралы акт жасады. Бұған дейін мекен-жайын жиі ауыстырып ұстатпай жүріпті.

Елена Ахметова, СҚО әділет департаменті алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы:

– 2017 жыл басталғалы бізде алиментті өндіріп алу бойынша 2298 құжат қаралды. Оның 372-сі бойынша шара қолданылды. 76 құжат толық жабылды. Яғни, баларына қарыздарын төледі. Облыс орталығында мүлде баласына көмек көрсетпейтін, сот орындаушыларынан қашып жүретін ата-анаға қатысты 246 мәселелі құжат бар.

Иә, өкінішке қарай, Петропавлда ұяты жоқ әке мен шеше аз емес екен. Баланы өмірге әкелгенімен, ата-аналық парызын орындамайды. Жауапкершіліктен қашып, мекен-жайларын жиі ауыстырады. Мәселен мына пәтерді 35 жастағы Дмитрий Фомин жалдап тұрады. Жалғыз қызына 2 млн теңгеден артық қарызы бар.

Өзін іздеп келгенін сезді ме есігін ашпады. Айту керек, петропавлдық безбүйрек ата-ананың балалары алдындағы қарызы 60 млн теңгеден асып жығылады.

Акбопе Танирберген