МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Таза жағалау” акциясы өтті

Әлібек Бекмұхаметов – СҚО экология департаменті басшысының орынбасары

– Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай бүгін “таза жағалау” акциясын өткізіп отырмыз. Бұл күні барлық халық ағаш отырғызып, өзен-көлдердің маңын тазалауға шығады. Пестрое жағажайын тазартуға 200-ге жуық адам жұмылдырылған. СҚО-ның экологиялық жағдайы жаман емес, әзірге бірқалыпты. Осындай іс-шаралар арқылы біз табиғат аясына демалуға шыққан адамдарды өздерінен кейін қоқыс тастамай, мәдениеттілікті ұстануға шақырамыз.

Акцияға барлығы 200-ге жуық адам қатысты. 2 сағат ішінде олар тұрмыс қалдықтарын қапқа салып, үш жүк машинасын қоқысқа толтырды. Табиғатты біз тек қана қоршаған ортаны қорғау күні ғана емес, күнде тазалап, жиыстыруымыз керек,-дейді студент Қали Аманжолов.

Қали Аманжолов – Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенті

–  Мен осы акцияға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Өйткені қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау керек. Осындай акциялардың арқасында біз 00:43 табиғатты қорғаймыз.

Табиғатты қорғау барша адамзаттың парызы. Осыны естен шығармаған жөн.

Айгерим Ержанова.