Құқық қорғау органдары

Петропавлда аялдаманың әйнегін сындырған үш азамат құрықталды

Думан Мағзұмов – Петропавл қаласы ІІБ аға жедел уәкілі:

– Жедел іздестіру шара барысында оқиға орнында куәгерлер анықталып, сұралды. Кейін олар бұзақыларды көрсетті.

Тәртіп сақшылары осы маңда тұратын үш жігітті құрықтап, қалалық ІІБ-на жеткізді. Олардың жастары 19 бен 24 аралығында. Еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді. Айтуларынша, аялдаманы абайсызда сындырған. Кейін үрейленіп қашып кетіпті.

– Выкинули мусор, и начали как то играться, бороться, и так получилось, он толкнул меня, споткнулся и спиной…и все мы убежали оттуда.

Енді қолға түскен бұзақылар не айыппұл төлейді немесе әкімшілік қамауға алынады. Бұдан бөлек олар материалдық шығынды өтеулері қажет. Негізі полицейлердің сөзінше бұндай әрекетке қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Риат Шони