Қоғам

Дін мәселелері бойынша семинар өтті

Күмән тудыратын әлеуметтік желілердегі парақтар жабылады. Бүгінде сыртқы фактордың әсері күшті. Сондықтан, әрбір адам діни экстремизм мен террорим жайлы ақпараттарды лезде құзырлы органдарға жеткізіп отыруға тиісті. Ресми мәліметке сүйенсек, солтүстікқазақстандықтардың діни сауаттылық деңгейі 40 пайызды құрайды. Сол себепті, алдағы уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары білім ошақтары мен еңбек ұжымдарында жиірек өткізілмек.

Гүльмира Бейсенбина – СҚО дін істері басқармасының бас маманы:

– Облыстық дін істері басқармасы қалалық ішкі саясаты бөлімінің қызметкерлеріне осындай оқыту семинарларын жиі өткізіп тұрады. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйретеміз.


Берік Қасен