Қоғам

Петропавлда кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ольга Тё – қала тұрғыны:

– Мен 6 жыл бойы Көкшетаудағы ЖОО-ның бірінде оқыдым. Қазір филология ғылымдарының магистрімін. 3 жыл жұмыс өтілім бар. Бұған дейін мектепте орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып қызмет еттім. Кейін екі баланы өмірге әкеліп, декреттік демалысқа шықтым. Енді колледжге жұмысқа тұрғым келеді.

Айту керек, жұмыс ұсынушылардың қатарында қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы да кездесті. Қазір елімізде әскери азаматтарды келісім-шарт бойынша қызметке қабылдау жүріп жатыр. Кейін олар 3 жылға Астана, Алматы, Семей және Аягөз сынды 12 қаланың біріне жіберілетін болады. Алатын жалақылары шамамен 140 мың теңгені құрайды. Бұдан бөлек әскерилерге пәтер жалдап тұру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.

Дархан Нұрмағамбетов – Петропавл қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлімше бастығы:

– Әскерилерге баспана жалдап тұру үшін жан басына қаражат беріледі. Мәселен, Петропавлда бір адамға шамамен 20-30 мың теңге. Астанада 53 мыңға дейін жетеді. Бірақ, жұмысқа тұрудың талабы да зор.

Айту керек, бұл күні келушілерге жәрмеңкеде 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.
Жалпы соңғы 6 ай ішінде өңірде 12 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапқан. Тағы 2 мыңға жуығы жалақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберіліпті.

Айгерим Ержанова