Ауыл шаруашылығы

СҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов келді

Көпшіліктің сұранысына ие зауыт өнімдері еліміз бен көршілес Ресейге экспортталады. Алдағы уақытта мұндағылар Қытай нарығына шығуды көздеп отыр.

Роза Сүлейменова – «Молпродукт» ЖШС директоры:

 

– Алдағы жоспарларымыз Қытайға шығу. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бірінші кезеңнен өттік. Енді Қытай жақтан біздің зауыттты тексеруді күтіп отырмыз.

Серіктестік жұмысын өңірге келген ауыл шаруашылығы министрі – Асқар Мырзахметов те байқады. Зауыттың жұмысын көрген ҚР Премьер-министрінің орынбасары мұнда жасалатын өнімнен дәм татты. Кәсіпорын күніне 500 тонна ақ өңдеуге қауқарлы. Алайда қазір шикізаттың жетіспеушілігінен тек 350-400 тонна өңдеуде. Зауыттағылар алдағы уақытта кооперативтер құрылса, бұл проблема шешіледі деген үмітте.

Заман ағымына сай қазір мұнда шырындарды арнайы ыңғайлы қаптамада жасауды қолға алған. Ол тұтынушылар талғамын ескере отырып шығарылмақ.

Магжан Ахмадина