МТРА жаңалықтары

24-ші мамыр – Славян жазуы мен мәдениеті күні

Бұндай өтініш Византия императоры Михаилдан түсіпті. Бірнеше тілді жетік білген Кирил ағасымен осы істі қолға алған. Олар көне еврей және грек әліпбилерін зерттеп, славян жазуын жасады. Бүгінде көрмеде ұсынылған кітаптардың басым бөлігі осы жазумен жазылған. Сондай-ақ, шараға келген жастар түрлі туындылардың тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қорында 3 мың дана сирек кітап сақталуда.

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері:

 

– Бұл көрмеде төңкеріске дейін жарық көрген 80-томдық энциклопедиялық сөздіктері мен орыс тіліне аударылған Құран да бар. Валерия Порохова бұл қасиетті кітапты аудару үшін ислам дінін қабылдаған болатын.

 

Эльмира Садвокасова