МТРА жаңалықтары

Жамбыл ауданында жеміс-жидек бағы ашылды

Бұрындары бос жатқан бұл жерді жергілікті Нұр Отан партиясының өкілдері іске жаратқан. Олар аумақты шарбақпен қоршапты. Кейін, бақ ішіне жемістің 10 бірдей түрін еккен. Мұнда таңқурай, қарлыған, алхоры және мойылға дейін бар. Бүгінде бау ішінде жалпы саны қаз-қатар отырғызылған 550-ге жуық көшет өсіп келеді. Тіпті, қазір қарақат, шие, алма мен алмұрт бүр жарып, гүлдеп жатыр. Бағбандар жеміс-жидектерге ерекше күтіммен қарап, әр уақытта су құйып отырады. Алғашқы өнімді жамбылдықтар келер жылдары жинамақ.

Владимир Волков – “Нұр Отан” партиясының Жамбыл аумақтық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары:

– Бақ өте қолайлы жерде орналасқан. Жеміс-жидектер солтүстік пен батыстан соққан желдің өтінде тұрған жоқ. Келер жылы аумақты 2 есеге үлкейтеміз. Болашақта бауға №2 орта мектептің оқушылары қарайтын болады. Олар арам шөп жұлып, көшеттерді суарады. Жалпы, мұндай бақ тұрғызу “Нұр Отан” партиясының “Ұлы дала елі” бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Байболат Құлтанов