Десе де техникалық мамандықтарды бітіре отырып жұмыс таппай сенделіп қалатын жастар көп. Бұл ретте оларға халықты жұмыспен қамту орталығы көмекке келеді. Мұндағы мамандар көмегіне жүгінген 29-жасқа дейінгі азамат 6 айлық ақылы тәжірибеге жөнелтіледі. Өзін жақсы көрсеткендері бір жола орналасып жатады.
Жанар Нұркебаева, Петропавл қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының маманы:
– Биыл Петропавлдағы колледждер мен университет бітірген 100-ден артық жас жастар тәжірибесіне жіберіледі. Олар тек ш құжзатын әкелсе болды.
“Жастар тәжірибесі” бағдарламасының шарапатын көріп отырғандардың бірі – Ақжол Темірғалиев. Жиырмадағы жігіт – қазір қалалық әкімдікте тұрғын үй құрылыс инпекциясының қызметкері. Жалақысы – 56 мың теңге. Қазір ол барлық тапсырманы тиянақты орындап, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Ақжол Темірғалиев, Петропавл қаласы тұрғын үй құрылыс инспекциясы инспекторының көмекшісі:
– Жұмысым ұнайды. Алда, осы жерде қалуды жоспарлап отырмын.
Биыл халықты жұмыспен қамту бөлімінде бұл жоба арқылы 100 бірдей жасты тәжрибеден өткізу көзделген. Оның 40-ы ендігі тиісті мекемелерде еңбектеніп жүр. Биыл жобаның жүзеге асырылуы мен жастардың жалақысы үшін “Жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы ел қазынасынан 34 млн теңге қарастырылып отыр.
Акбопе Танирберген