Құқық қорғау органдары

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Бахытжан Әлібеков, СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі штаб бастығы:

 

– Жолдағы балалар қауіпсіздігі” акциясын жиі өткіземіз. Бүгінгісін “Жас Отан” жастар қанатымен бірлесе отырып ұйымдастырдық. Кішкентай ұл-қыздарға жарық шағылыстырғыш таспалар тараттық. Олар қала көшелерінде еркін жүріп тұра алу керек. Бүгінгі шара бірінші маусымға дейін жалғасады.

Полицейлердің айтуынша балаларға жол ережерін үйретудің тиімді жолы – ойын түрінде. Сол себепті болар, жас инспекторлар жол тәртібін асқан қызығушылықпен бақылауда.

Екатерина Курина, №23 орта мектептің оқушысы:

– Бұл таспалар бізге көмектеседі деп ойлаймын. Көлік жүргізушілері қолымызға байланған таспаларды көріп, жолды кішкентай балалар кесіп өтіп бара жатқанын ескереді. Жылдамдықтарын тежеп, қауіпсіздікті сақтайды.

Жыл басталғалы өңірде 45 жол көлік оқиғасы орны алыпты. Өкініштісі, оның 11-і балалардың қатысумен болған.

Акбопе Танирберген