МТРА жаңалықтары

«Таза орман» акциясы өтті

Виталий Шеминг – «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

– Бұл акцияны облыстық табиғи ресурстар және табиғатиты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен жыл сайын өткіземіз. Оған облыс орталығындағы барлық колледждің студенттері қатыстырылады. Ең көп қоқыс жинаған оқу орны бағалы сыйлықтарға ие болады. Биылғы акцияның тағы бір өзгешелегі жастар қалдықтарды бөліп жинауда. Яғни, қайта өңдеуге жарайтындарды бөлек жиып, өткіземіз.

Ресми бөлімнен соң, қолдарына қолғап киіп, қап ұстаған жастар орманды қоқыстан тазартуға бірден кірісіп кетті. Олар тоғай ішінде жүгіріп жүріп, көзге көрінген қалдықтардың барлығын қапқа салуда.

Данил Падеров – Петропавл темір жол колледжінің студенті:

– Қоқыс өте көп екен. Бөтелке, қағаздар шашылып жатыр. Адамдар орманда тыныққаннан кейін қоқыстарын шашып кетеді. Міне, қабымды толтырып алдым. Қазір көліке тиеуге апарамын. Табиғат аясында демалатын тұрғындарға айтарым, орманды ластамаңыздар.


Жалпы акцияға 100-ге жуық студент қатысты. Олар ормандағы қоқысты жинап, оны кезекке тұрып өлшетіп, арнайы жүк көлігіне тиеп жатыр. Бұл күні жастар жарты тонна қалдық жинаған.

Магжан Ахмадина