Мәдениет

Тамыздың 21-і мен 31-і аралығында Астана қаласында СҚО мәдениет күндері өтеді

Шығармашылық ұжымдардың репертуарларында қазақ күйлері мен әлемдік классикада өзінің ойып тұрып орнын алған әуендер де бар. Сондай-ақ, барлық көрсетілетін нөмірлер де қос оркестрдің сүйемелдеуімен жүзеге аспақ. Атап өту қажет, Елордада өтетін шараға ең үздік солтүстікқазақстандық өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар ат салыспақ. Бұл 350-ге жуық әртісті құрайды.

Тұрсын Молдахметова – СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлiм басшысы

– Солтүстікқазақстандық шығармашылық ұжымдар ЭКСПО территориясындағы Амфитеатр сахнасында өнер көрсетпек. Сондықтан, осы халықаралық көрмеге жауапты мамандар бүгін біздің әртістердің өнерін тамашалап, өз бағаларын береді

2 сағатқа созылатын концерттік бағдарламадан бөлек, теріскейліктер Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына бірқатар сахналық қойылымдар мен қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін дайындауда.

 

Эльмира Сәдуақасова