Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Жолдағы қабылдау” акциясы өтті

Мұндай шаралар дәстүрлі түрде жылына 2 мәрте ұйымдастырылады. Шараға 100-ге жуық жүргізуші қатысқан. Темір тұлпар мінген азаматтар жол сақшыларының жұмысына баға беріп, тәртіпті сақтауда өз ұсыныстарымен де бөлісті. Бұның барлығы келешекте полицейлердің жұмысын сапалы етуде ескерілмек.

ШӘМШИДЕН АҚЫШОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

– Петропавл қаласының аумағында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты автокөлік жүргізушілерінің және жаяу жүргіншілердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беру болды. Осы акцияға үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті билік органдарының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысып отыр. Автокөлік иелерінің, автобустар жүргізушілерінің, жаяу жүргіншілердің қойған сұрақтарына толығымен жауап беруге тырыстық.

Эльмира Садвокасова