МТРА жаңалықтары

“Өнер қырандары” театры петропавлдықтарға рухани-патриоттық кеш ұсынды

Ақыр соңында оңай олжаға кенелеміз деген қос жігіт полицияға ұсталынып, шығын келтірген жандармен бетпе-бет кездеседі. Сөйтіп, ұрыларға ақша мен өзге де бағалы заттарды өз иелеріне қайтаруға тура келді.

Сахналанып жатқан қойылымдардың барлығы терең мағыналы. Театрландырылған көріністер арқылы әртістер ислам дінінің асыл құндылықтарын, еліміздің игі дәстүрлерін насихаттауда. Сондай-ақ, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.

Сырымбет Бибосынов – «Өнер қырандары» театрының әртісі, Алматы қаласы:

– Театр халықты жақсылыққа тәрбиелейді деген ұғым. Барша жұрт – әртістер міндетті түрде күлдіруі қажет деп есептейді. Негізі күлдірмей, бүлдірмей жақсы дүниелерді көрсетуге болады, халықты дұрыс нәрсеге тәрбиелеуге болады.

Өнер қырандары театры «Берекелі мереке» рухани-патриоттық кешін 4 айға жуық уақыт бойы дайындаған. Алғаш рет ол Шымкент қаласының көрерменіне ұсынылыпты. Содан бері бірқатар шаһарларда өнер көрсеткен олар бүгін қызылжарлық көрермен үшін екі мәрте сахна төріне шықты.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

– Рамазан айы қарсаңында және өзінде де осындай іс-шаралар жүреді. Себебі, рамазан айы имандылықтың, бір-біріне көмек қолын созудың сипатына айналған.

Атап өту қажет, кештен түскен қаражат тасқын судан зардап шеккен теріскейліктердің арнайы есеп шотына аударылды. Бұл шамамен 350 мың теңгені құрайды.

 

Эльмира Садвокасова