Спорт

Солтүстікқазақстандық дзюдошы Европа кубогында үшінші орын иеленді

Айта кетейік, дүбірлі дода мамырдың 13-і мен 14-і күндері аралығында Ресейдің Орынбор қаласында өткен болатын. Байрақты бәсекеде әлемнің 15 мемлекетінен келген 300-ден аса спортшы бақ сынады. 78 келі салмақта белдескен жерлесіміз алғашқы кездесуінде татами иесі Мария Зольниковаға есе жіберіп алды.

Дегенмен, бұған қарамастан палуанымыз жарысты әрі қарай жалғастырды. Ол қола медаль үшін күресте Ресей мен Канада елдерінің бұрымдыларын тізе бүктіріп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілілді. Жалпы, ашық Европа кубогында ел намысын қорғаған дзюдошылар 1 қола 1 алтын алқа иеленді. Осылайша Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша үшінші орынға табан тіреді.

 

Култанов Байболат