Қоғам

Петропавлда “Темекіні кәмпитке айырбастап ал” акциясы өтті

Анна Бектурганова – И.П.Шухов атындағы орталықтандырылған қалалық кітапхананың аға кітапханашысы:

– Акция барысында қала тұрғындарына буклеттер мен түрлі тәттілер беріледі. Жыл сайын шараға қатысушылардың саны артуда. Біз осылайша жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

2 келіге жуық тәтті аз ғана уақыт ішінде қала тұрғындарына үлестірілуде. Шараға қатысушылардың қатарында темекі шегетін жандармен қоса, зиянды әдеттен бойын аулақ ұстайтындар да кездесіп жатты. Солардың бірі Татьяна Приходченко.

Татьяна Приходченко – оқушы:

– Осы сынды шараларды қаламызда жиі өткізу керек деп ойлаймын. Қоғам санасын зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету қажет. Өз басым темекі, алкоголь сынды заттарға қарсымын. Жастар мен қала тұрғындарын осыған шақырамын.

Жалпы, бұндай шара облыс орталығында жыл сайын өткізіледі.


Эльмира Садвокасова