Білім

Өңірлік мектеп оқушылары республикалық педагогикалық олимпиададан жүлделі оралды

Мамырдың 4-і мен 5-і аралығында Алматы қаласында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 26 команда қатысқан. Теріскейлік жас дарындар 2 кезеңде де жақсы өнер көрсетіп, жүлделі 2-ші орынды иеленді. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицей оқушылары білім ошағы, облыс тарихы, танымал тұлғалар және ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі тақырыптарында сынға түскен.

Әсел Әбдіраймова – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің оқушысы:

– Олимпиададағы балалардың барлығы өз қалаларының мықты әрі талантты оқушылар еді. Сондықтан бізге жақсы қарсылас болды. Алайда, біз қобалжымай жоғары деңгейде өнер көрсеттік. 0:30-41 Бұл сайыс тек біздің мектебімізді ғана емес, облысымыздың беделін республикалық деңгейде көтерді деп ойлаймын.

 

Эльмира Садвокасова