Спорт

Мамырдың 11 кикбоксингтен облыстық чемпионат жалауын көтерді

Әділ Нұржаупов – кикбоксингтен облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Дәстүрлі облыстық чемпионатқа 12 – 16 жас аралығындағы кадеттер қатысуда. Біз сайыс барысында мықтыларын іріктеп алып, кейін олармен оқу-жаттығу жиынын өткіземіз.

Осы жолы да кілең сен тұр мен атайын дегендер іріктеуден сүрінбей, Ақтөбеде өтетін ел чемпионатына жолдама алмақшы. Солардың бірі-Даниал Амангелді. Ол берілген әр секундты есептеп, қызыл бұрыштағы бәсекелесі Данияр Ракпановқа ешқандай мүмкіндік қалдырмауда. Лоу-кик бөлімінің рұқсат етілген әдістерін барынша пайдалануда. Яғни, оған қарсыласының аяғы, денесі мен басына аяқпен тебуге рұқсат етілген.

Даниал Амангелді – жарысқа қатысушы, Жамбыл ауданы:

– Осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысқаныма 1,5 жыл толды. Бүгінгі турнирге 3 апта тынбай дайындалдым. Қарсыласымды бірнеше рет ақпен тептім. Кейін оның мысы басыла бастағанын сезіп, одан сайын үсті-үстіне төмпештей бердім.

Евгений Зайцевті тәжірибелі бапкер Иван Ван-Хон-Тун 2 жылдан артық жаттықтырып жүр. Халықаралық жарыстарда бірнеше рет топ жарған жасөспірім өзгелерге есе жібермейтініні айтты. Негізі Кикбокстан іріктеу туры мамырдың 13-іне дейін жалғасады. Мұнда жасөспірімдерден бөлек ерлер де қолғап түйістірмек. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздардан облыс құрамасы жасақталады.

Берік Қасен