Құқық қорғау органдары

Ерен еңбек еленбей қалмайды

Ал Отан қорғаушылар мерекесінде үздік қызметкерлер марапатталды. 60-қа жуық маман түрлі награда алды. Бұлардың барлығы өз ісінің жілігін шағып, майын ішкен қызметкерлер. Жас жұмысшыларға үлгі болуда. Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясы батальонының командирі Ерлан Мадиев мерзімінен бұрын подполковник шенін алды. Ол ішкі істер органдарында 1998-ші жылдан бері еңбек етіп келеді.

Ерлан Мадиев – СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясы батальонының командирі:

– Мерекелер қарсаңында мерзімінен бұрын шен алып жатқаныма қуаныштымын. Осыған орай біздің ардагерлерге денсаулық, ұзақ өмір мен бақыт тілеймін.

 

Риат Шони