МТРА жаңалықтары

Петропавлда Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналып автошеру өтті

Бұдан соң, көліктер Кәрім Сүтішев көшесін артқа тастады. Олар енді осы қарқынмен “Жеңіс саябағына” жетпек.

– Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған автошерудің алғашқы легі М.Жұмабаев көшесіне келіп жетті. Бұл жерде қаз-қатар тізілген көліктерге тағы да машиналар келіп қосылуда. Олар дабылдатып, әндетіп мерекенің сәнін келтіруде.

Бүгін машиналардан түрлі мерекелік әуендер естіледі.

“Жеңіс, отшашуы” атты шеруге түрлі көлік қатысып отыр. Нива, Ниссан, Уаздар. Тізе берсең олардың саны 25-ке жетеді. Оған қоса 10-ға тарта мотоцикл бар. Бұл темір тұлпарлардың барлығы мерекеге сай безендірілген. Мәселен, ерлі-зайыпты Артем мен Юля Луценколар “Уаз – 469” маркалы машинасын ерекше әрлепті. Олар көліктің үстіне “Т-34” танкісінің жоғарғы бөлігін картоннан жасап орнатқан екен.

Артем Луценко – автошеруге қатысушы:

– Танкінің жоғарғы бөлігін 2 сағаттың ішінде жасадық. Оны жасыл түспен боядық. Жұмысымыз өзімізге ұнады. Осылайша қала тұрғындарын қуантқымыз келді. Барлық жерлестерімізді “Жеңіс күнімен” құттықтаймын. Енді, мүлде соғыс болмасын.

Сонымен, көліктер “Жеңіс саябағына” да жетті. Оларды жұртшылық ыстық қошеметпен қарсы алып, өздерінің ұялы телефондарына суретке түсіруде. Айта кетейік, мұндай автошеру Петропавлда мамырдың 9-ы күні жылда өтеді.

Александр Градволь – автошеруді ұйымдастырушы, 4х4 автоклубының жетекшісі:

– Біз 4-ші жыл қатарынан автошеру ұйымдастырып отырмыз. Шараға тек клубымыздың өкілдері қатысады. Олар темір тұлпарларын алдын ала дайындады. Жүргізушілер темір тұлпарларына мейрамға байланысты суреттер салып, жазулар жазды. Осылайша біз баршамызға Жеңіс сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсеткіміз келеді.

Бұл жерге көппен бірге “Урал” мотоциклі де жетіпті. Мұндай 3 дөңгелекті көліктер алғаш рет соғыс жылдары шығарыла бастаған екен. Оған әсіресе, кішкентай балалар қызықты. Жеткіншектер мотоциклдің орындығына отырып, рөлін ұстап мәз болып қалды. Тағы, біз мерекеде қала ішінде көне “Победа”, немістің “БМВ” сынды машиналарын тізгіндеген басқа да тұрғындарды кезіктірдік. Олар да жеңіс тойын тойлап, шаһар көшелерімен зулатып жүр.

 

Култанов Байболат