МТРА жаңалықтары

СҚО өрт қаупі кезеңі басталды

Орман қорықшылары алқаптарда жұмыс істейтіндер өздерімен бірге үнемі өрт сөндіру құралдарын алып жүруі тиіс дейді. Аймағымызда өрт қаупі кезеңі қазан айының соңына дейін жалғасады. Ережені бұзып, өрт шығарған жеке және заңды тұлғаларға 10 нан 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатынын еске саламыз.

Василий Лабанчук – облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы:

– Күн сайын ормандар мен алқаптарға мониторинг өткізіп тұрамыз. Жалпы өңірімізде 79 мың гектар алқап жасыл белдеу маңында. Әлі де болса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ескертуімізге құлақ аспауда. Біз олардан былтырғыдан танап басында қалған сабан қалдықтарын жақпауды сұраймыз.

Берік Қасен