МТРА жаңалықтары

“Жасыл ел” облыстық штабы жазғы жұмысқа жастарды шақыруда

Былтыр белсенді жастар өңірдің тек 9 ауданында жұмыс істесе, биыл барлық 14 ауданды қамтығалы отыр. Петропавл қаласының өзінде абаттандыруды қажет ететін аумақтар саны көбейді. Өңір төңірегінде былтыр 400 жас жұмыс істесе биыл 665 қыз-жігіт еңбекпен қамтылады дейді, “Жасыл ел” жергілікті штабының жетекшісі Асқар Баймұқанов. Ал, оларға төленетін жалақының жартысы республикалық қазынадан бөлінетін қаржы есебінен өтеледі. Бұл үшін ел бюджетінен 30 млн теңге бағытталып отыр. Ал, айлықтың екінші бөлігін жұмыс беруші төлейді.

Аскар Баймұқанов, “Жасыл ел” облыстық штабының жетекшісі:

– “Жасыл ел” сарбаздары орман шаруашылықтарына жұмысқа алынып, бөлінген аумақтарды көгалданыдыре мен абаттандыруға жұмылдырылады. Жалақылары 60 мың теңге. Биыл Петропавлда 100 адам жұмыс жасайды деп жоспарлап отырмыз. Қалған 500-ден артық қыз-жігіт аудандарда тер төкпек. Кез-келген 16-29 жас аралығындағы азамат жасыл ел жастар жасағының қатарына қосыла алады. Қазір өтінімдерді қабылдауды бастадық. Бірінші маусымда жұмысқа кірісеміз.

Акбопе Танирберген