МТРА жаңалықтары

Өңір кәсіпкерлеріне прокурорлар да қолдау танытуда

Бұл жерде бизнес-идеясын жүзеге асырғысы келетін немесе кәсібін дамытуды жоспарлап отырған адамдар мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек туралы толық ақпарат ала алады. Немемсе туындаған мәселелерін түсіндіріп, оның шешу жолдарын білу мүмкіншілігі бар. Фронт-офис ашылғалы бері мамандар 25 кәсіпкерге кеңес беріп, көмек көрсеткен.

Нұрлан Сапаров – Петропавл қаласы прокурорының орынбасары:

– Күніне шамамен 2-3 адамға көмектесеміз. Олардың дені бөлінген жер телімі және көрсетілетін қаржылай қолдау туралы білуге келеді. Біз әр сауалға толыққанды әрі түсінікті етіп жауап беруге тырысамыз. Кей кездері бизнесті одан әрі дамыту үшін кей заңнамалар қиындық туғызады. Біз өз кезегімізде осы проблемаларды шешіп, кәсіпкерлерге көмек қолын созуға тырысамыз.

 

Айгерим Ержанова