МТРА жаңалықтары

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында солтүстікқазақстандықтардың орташа айлық табысы 93 мың 909 теңгені құрады

Ұлттық экономика министрлігінің статистикасына сүйенсек өңірде ең көп жалақыны қаржы мен сақтандыру саласының қызметкерлері алады, 163 мың теңгеге жуық. Ал облыстық әкімшілік пен қосалқы қызмет көрсету саласы өкілдерінің еңбекақысы 40 пайызға төмен, бұл ең төменгі табыс болып есептеледі. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында еңбек етіп жүргендер 71 мың 660 теңге жалақы алыпты.

 

Риат Шони