МТРА жаңалықтары

Жеңісті жақындатуға үлес қосқан жандар қошеметке бөленуде

Сондықтан 9 мамыр жеңіс мерекесі қарсаңында оларға қаржылай көмек көрсетілмек. ҰОС ардагерлерінің шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 226 мың 900 теңге аударылды. Ал оларға теңестірілген тұлғалар мен медальдармен марапатталған тыл еңбеккерлері 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 11345 теңге қаржы алмақ.
Біздерге бейбіт күн сыйлаған жандардың бүгіндері 85 пайызы үйден шыға алмайды. Сондықтан оларға түрлі кәсіпорындар мен бизнес өкілдері де қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында өткен брифингте айтылды.

Сара Тасеменова – Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы :

– Біздің кәсіпкерлер және басшылар олар өздерінің мүмкіншілігіне байланысты ардагерлерге қолдау көрсетуде. Үйлеріне барады, не өздеріне шақырып дастархан жайып қошеметтейді. Ол оқу орындары және түрлі кәсіпорындар жасап жатыр.

 

Магжан Ахмадина