Құқық қорғау органдары

СҚО-да полицейлер тасқыннан зардап шеккендерге көмек қолын созды

– От Департамента внутренних дел помощь; от личного состава, от нашего начальника генарал-майора полиции Билялова Берика Султангазиновича. – Спасибо вам большое!

Ал, бүгін полицейлер тасқыннан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек қолын созып отыр. Өңірдің тәртіп сақшылары 540 мың теңге жиыпты. Бүгін тұрғындарға жылы киімдер мен төсек жабдықтары, ыдыс-ыяқ және азық-түлік үлестіруде. Күтпеген жерден келген көмекке тұрғындар дән риза.

Айтжан Тапеева – қала тұрғыны:


– Күні-түні полицейлер мен құтқарушылар кезекшілік етеді. Қауіпсіздігіміз толық қарастырылған. Қиын шақта көмек қолын созып отырған азаматтарға дән ризамыз.

Бұл күні өңір полицейлері Былғары зауытындағы 170 шаңыраққа көмек көрсетті.

 

Акбопе Танирберген