МТРА жаңалықтары

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ эдвайзерлік сағат өтті

Ұлы Отан соғысы жайлы Әсемгүл тек фильмдерден ғана емес, майдан даласында болған ата-әжелерінен естіген.

Әсемгүл Керейбаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Апам тылда ебек еткен. Ол бізге көрген білгенін айтып отыратын. Мен оны мақтан тұтамын.

Патриоттыққа тәрбиелейтін эдвайзерлік сағатқа 6 түрлі мамандықта білім алатын 30-ға тарта студент жиналған.

Александр Зель – «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

– Бүгінгі шара арқылы біз жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, оларға ҰОС жайлы кеңірек ақпарат беруге тырысудамыз. Өйткені, әрбір жас өзінің тарихы мен ата-бабаларының батыл іс-әрекеттерін білулері тиіс.

Айту керек, мұндай шара ЖОО-нда әлі де жалғасатын болады.

Айгерім Ержанова