Сталинград түбіндегі кезекті бір шайқас кезінде ауыр жарақат алып, Павлодар, кейін Петропавл қаласындағы госпитальға жөнелтілген екен. Сырқатынан жазылған соң Джура Кобелев 25 жыл бойы жергілікті құқық қорғау органында қызмет етіпті. Бүгін міне, талай қиындықты бастан өткерген ақсақал 100 жасқа толып отыр. Ғасыр жасаған қарияны облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов құттықтап, кеудесіне Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы медальді тақты.
Тағы, мерейтой иесіне теледидар да сыйға тартылды. Мерекелік жиынға майдангердің ұрпақтары да қатысып отыр. Қарттың кіші ұлы Александр Кобелев әкесін құттықтау үшін Ресейдің сонау Лангепас қаласынан келіпті.
Александр Кобелев – Джура Кобелевтің ұлы:
– Әкем – өте мейірімді жан. Ол учаскелік инспектор болып жүрген кезде тұрғындардың бәрі оны сыйлайтын. Анам екеуі 4 баланы ер жеткізді. Қазір олардан 7 немере және 10-нан аса шөбері сүйіп отыр. Әкеміздің туған күніне олардың барлығы әр тараптан келді. Ұл-қыздарымыздаң арасында аталарының жолын жалғар полицейлер де бар.
100 жасқа толған Джура Кобелевті Петропавл қалалық ІІБ Ардагерлер кеңесінің ұжымы да назардан тыс қалдырмайды. Олар үнемі жерлесіміздің үйіне барып, хал-жағдайын біліп тұрады екен.
Серғали Жұмағалиев – Петропавл қалалық ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Жұма сайын барып тұрамыз. Ол кісінің жағдайы жақсы. Анда-санда жастармен кездесіп тұрады.
Жалпы, бүгінгі таңда Петропавл қалалық ІІБ Ардагерлер кеңесінің құрамында 300-ге жуық қария бар. Оның 4-еуі – Ұлы Отан, ал 6-ауы – Ауған соғысының ардагерлері.
Култанов Байболат