МТРА жаңалықтары

Биыл қарулы күштер қатарын 700 теріскейлік толықтырмақ

Осы білімнің арқасында сарбаздар 1 жыл әскери борыштарын өтегеннен кейін Қарулы күштердің қатарында келісім шарт бойынша қалуларына болады. Дамир Қасымов университеттен машинист-тракторшы мамандығын алып шығыпты.

Дамир Қасымов:


– Бүгін Петропавлдан Семей қаласына жол жүреміз. Қазіргі таңда әскерге техникалық мамандығы бар азаматтар алынып жатыр.

Биыл СҚО-нан барлығы 700 адам Қарулы күштердің қатарын толықтырмақ.

Қайрат Ысқақов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Қарулы күштердің қатарына сарбаздарды қабылдау науқаны сәуір айынан басталды. Біз маусым айына дейін теріскейден 700 адамды жөнелтеміз. Бүгінде тең жартысы аймақтардағы әскери бөлімдерге орналастырылды.

Департамент мамандарының айтуынша, жыл сайын әскерге барамын деушілердің қатары артып келеді.

Берік Қасен