МТРА жаңалықтары

Балықтар таяз жерде жүзіп, ауа жетпегендіктен тұншығып қалған

Марат Есімсейітов – СҚО жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:


–  Алынған сараптамалардың нәтижесі бойынша бұл көлде тиісті оттегі мөлшері жетіспеді. Бұл балықтар ауа болмағандықтан наурыз айында қырылып қалған. Ветеринар мамандар да сарапатама жүргізіп, балықтардың ауырмағандығын анықтады. Қалған су маржандарына төніп тұрған қауіп жоқ. Өлген 6 тонна балықты толығымен көлден алып, өртеп жібердік.

Негізі бұл Глубокое көлі ешбір кәсіпкерге жалға берілмеген. Сол себепті, қыс мезгілінде аэрация жасауға жергілікті атқарушы билік жауапты. Арнайы мониторинг жүргізіліп, бұл жұмыстың қажеттілігі жоқ екендігі анықталған. Бірақ, балықтардың былай қырылып қалатынын да ешкім болжай алмапты.

Марат Есімсейітов – СҚО жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

– Қырылып қалған балықтар көктемгі су тасқынының әсерінен ағынмен таяз жерге дейін шығып қалған. Бұл жерде оттегі аз. Өліп қалған су маржандарының арасында салмағы 200-300 граммға жететіндері болмады. Өйткені, олар көлдің терең жерінде мекендейді. Онда жақта ауа жеткілікті.

Нақ осындай оқиға жуырда Мамлют ауданындағы Воскресеновка елді мекені маңында орналасқан Казанцево көлінде де орын алды. Онда оттегінің аздығынан 200 келіге жуық балық қырылып қалған. Айта кету қажет, балықтардың ауа жетіспей жаппай өлудің екі фактісі өңірде 2015-ші жылы тіркеліпті.

Риат Шони