Балалар

Тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйінде мерекелік іс-шара өтті

Татьяна Лузакова – Петропавлдағы тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйінің директоры:


– Бұл мейрамды интернат тәрбиеленушілері жыл сайын ерекше атап өтеді. Себебі, біздің мекемеде 10-ға жуық түрлі ұлт өкілдері бар. Бірлік мерекесіне орай, балалар елімізді мекен ететін халықтар жайлы білімдерін толықтырады. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өнерлерін паш етеді.

Көп ұзамай ортаға ойын қатысушыларының алғашқы үштігі де шықты. Оларға қазақтың үш жүзі бірігіп, жоңғарларға тойтарыс беру шешімін қабылдаған жер атауын табу қажет. Жеткіншектер бір-екі әріптен айтып, біртіндеп сұраққа жауап та берді. 13 жасар Сандуғаш Молдағалиева – интернат ішінде өтетін барлық іс-шараларға қатысатын белсенділердің қатарында.

Сандуғаш Молдағалиева – Петропавлдағы тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйінің тәрбиеленушісі:

 

– Мерекеге орай әрбірімізге бір халықты таңдау қажет болды. Өз басым қытай мәдениетіне қызыққандықтан, осы ұлт өкілін таныстыруды жөн көрдім. Бұл образды толығымен мұғалім көмегімен аз уақыт ішінде жасап шықтық.

Жалпы, аталмыш интернатта бүгінде 6 мен 16 жас аралығындағы 20 бала тәрбиеленуде.

Эльмира Садвокасова