МТРА жаңалықтары

Сәуірдің 28-і-29-ы Қызылжар ауданындағы Долматово селосы маңында Есіл өзені тасиды

Осыған байланысты өңір құтқарушылары аталмыш елді мекен маңындағы су жайылуы мүмкін аумаққа жақындамауды сұрайды. Жергілікті атқарушы органдардың берген нұсқаулықтарын бұлжытпай орындау керек. Бағалы заттар мен құжаттарыңызды буып-түйіп, оңай жерге жинап қойсаңыз артықтық етпейді. Осы тұста, еске сала кетейік, облыстық ТЖД-де “Қауырт желі” жұмыс істеп тұр. Телефоны: 52-25-29. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде 112 қысқа нөміріне қоңырау шалсаңыз болады.

Берік Қасен